Футболдан әйелдер арасындағы ҚЧ: бүгін «Ақтөбе» мен БИІК кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының XVтуры өтеді.

Бұл турдағы басты кездесу бүгін шымкенттік «Ақтөбе» мен БИІК командалары арасында өтеді.
Ойын қазақстандық уақытпен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қос клуб та биыл турнир кестесінде алдыңғы орында келеді. Әзірге 15 ойыннан кейін БИІК клубы 43 ұпаймен бірінші орында келе жатса, олардан екі ойын кем өткізген «Ақтөбенің» еншісінде 37 ұпай бар.
Аталған турдағы өзге ойындар 28 шілде күні өткізіледі.
Ойын кестесі:
- «Ақтөбе» - БИІК (Шымкент)
- «Астана» - «Ұлытау» (Жезқазған)
- «Атырау» - «Жетісу» (Талдықорған)
- «Қайрат» (Алматы) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
- «Жеңіс» (Астана) - «Қайсар» (Қызылорда)
- «Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Тобыл» (Қостанай)
- «Қайсар» (Қызылорда) - «Ақтөбе» кездесуі 7 тамыз күні өткізіледі.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған.
Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.