Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Ұлытауды» ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан еліміздің әйелдер лигасында ХVII турының алғашқы ойын күні аяқталды. 

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Ұлытауды» ірі есеппен жеңді
Фото: ҚФФ

Бұл күні «Ақтөбе» өз алаңында Жезқазғанның «Ұлытау» командасын 7:0 есебімен сүріндірді. Нәтижесінде 49 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Қазірге дейін бірінші орында келе жатқан шымкенттік БИІК клубы 12 тамызда сырт алаңда Семейдің «Елімай» командасымен жасыл алаңға шығады. Олардың еншісінде 46 ұпай бар.

Сондай-ақ аталған турда «Астана» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 8:1, алматылық «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:1, Петропавлдың «Қызылжары» Қостанайдың «Тобылын» 4:0, Түркістанның «Томирис-Тұраны» қызылордалық «Қайсарды» 5:2 есебімен жеңсе, «Атырау» елордалық «Жеңіске» 1:5 есебімен есе жіберді.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған.

Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады. 

Соңғы жаңалықтар