Футболдан Әйелдер лигасында «Қайрат» үздік үштікке жақындады

  АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Әйелдер лигасында ХХ турдың бес ойыны өтті.

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл турдағы бес ойын 1 қыркүйекте өткізілсе, енді екеуі 3-4 қыркүйек күні болады.

Алматылық «Қайрат» үздік үштікке жақындап келеді. Олар бұл турда сырт алаңда «Атырау» командасын 6:0 есебімен сүріндірді. Нәтижесінде 42 ұпаймен төртікке табан тіреді. Енді алматылық команда алдағы турларда жинақы қимыл көрсетсе, үздік үштіктен бой көрсетуі мүмкін.

Ойын нәтижесі:

1 қыркүйек

«Жеңіс» (Астана) - «Қызылжар» (Петропавл) 3:0

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Елімай» (Семей) 0:11

«Атырау» - «Қайрат» (Алматы) 0:6

«Тобыл» (Қостанай) - «Ұлытау» (Жезқазған) 0:2

«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» 2:2

Енді 3 қыркүйекте «Жетісу» (Талдықорған) - БИІК (Шымкент) командалары кездессе, 4 қыркүйекте «Томирис-Тұран» (Шымкент) - «Ақтөбе» шеберлік байқасады.

Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.

Соңғы жаңалықтар