Футболдан Азия кубогы: Жапония құрамасы Ирактан жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында екінші тур ойындары аяқталды.
Бұл турда жанкүйерлер арасында Жапония құрамасының Ирактан жеңіліп қалғаны сенсациялық жағдай ретінде тіркелді.
D тобында сынға түсіп жатқан жапониялық футболшылар ойламаған жерден қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Ал E тобында ойнап жатқан Оңтүстік Корея құрамасы Иорданиямен кездесуінде соңғы минутта гол соғып, жеңілістен құтылды. Есеп 2:2.
Екінші турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
А тобы: Тәжікстан - Қатар 0:1, Ливан - Қытай 0:0
В тобы: Үндістан - Өзбекстан 0:3, Сирия - Австралия 0:1
С тобы: Гонконг - Иран 0:1, Палестина - БАӘ 1:1
D тобы: Вьетнам - Индонезия 0:1, Ирак - Жапония 2:1
Е тобы: Бахрейн - Малайзия 1:0, Иордания - Оңтүстік Корея 2:2
F тобы: Оман -Таиланд 0:0, Қырғызстан - Сауд Арабиясы 0:2.
Енді үшінші тур ойындары 22-25 қаңтар аралығында өткізіледі.
Айта кетсек, доп додасында сарықұрлықтағы 24 құрама бақ сынап жатыр. Олар барлығы 6 топқа бөлінген. Ойындар 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізіледі.