Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті

Аталған турда көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Қызылорданың «Байқоңырын» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ал, екінші орында тұрған Қызылорданың «Қайсары» Шымкентте «Академия Оңтүстікпен» 2:2 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ, Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Қарағандының «Шахтер-Болатын» 4:1 есебімен жеңді.
Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Қайсар» (Қызылорда) 2:2
«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:3
«Жеңіс» (Астана) - «Астана-2» (Астана) 3:2
«Жетісу» (Талдықорған) - «Шахтер Болат» (Қарағанды) 4:1
«Игілік» (Жамбыл облысы) - «Яссы» (Түркістан облысы) 2:4
«Қайрат-2» (Алматы) - «ТаразҚаратау» (Жамбыл облысы) 4:0
«Екібастұз» (Павлодар облысы) - «Қыран» (Шымкент) 6:2
Еске салсақ, бұдан бұрын «Оқжетпес» пен «Қайсар» Премьер-лигаға жолдама алды .