Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті

Аталған турда көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Қызылорданың «Байқоңырын» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ал, екінші орында тұрған Қызылорданың «Қайсары» Шымкентте «Академия Оңтүстікпен» 2:2 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ, Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Қарағандының «Шахтер-Болатын» 4:1 есебімен жеңді.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Қайсар» (Қызылорда) 2:2

«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:3

«Жеңіс» (Астана) - «Астана-2» (Астана) 3:2

«Жетісу» (Талдықорған) - «Шахтер Болат» (Қарағанды) 4:1

«Игілік» (Жамбыл облысы) - «Яссы» (Түркістан облысы) 2:4

«Қайрат-2» (Алматы) - «ТаразҚаратау» (Жамбыл облысы) 4:0

«Екібастұз» (Павлодар облысы) - «Қыран» (Шымкент) 6:2

Еске салсақ, бұдан бұрын «Оқжетпес» пен «Қайсар» Премьер-лигаға жолдама алды .