Футболдан бірінші лига командалары ойындары 6 сәуірде басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан бірінші лига командалары ойындары 6 сәуірде басталады

Биыл бірінші лигада барлығы 15 команда сынға түседі. Олардың қатарында «Тұран» (Түркістан), «Тараз», «Ақжайық» (Орал), «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Қыран» (Шымкент), «Қайрат-жастар» (Алматы), «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Түркістан» (Түркістан), «Хан тәңірі» (Алматы), «Жеңіс» (Астана), «Жас Қыран», «Елімай» (Семей), «Астана-жастар», «Арыс» (Түркістан облысы), «Ақтөбе- жастар» командалары бар.

Алғашқы тур ойындары 6 сәуірде басталады.

Алғашқы турдағы ойын күнтізбесі төмендегіше:

«Академия Оңтүстік» - Жеңіс

«Арыс» - «Хан тәңірі»

«Қайрат-жастар - «Екібастұз»

«Ақжайық» - «Елімай»

«Астана-жастар - «Ақтөбе-жастар»

«Жас Қыран» - «Tүркістан»

«Тараз» - «Тұран».

Еске салсақ, бұдан бұрын Еуропа чемпионат іріктеу сатысындағы: Қазақстан – Словения матчын қайдан көруге болатыны хабарланды.