Футболдан бірінші лигада «Елімай» қатарынан тоғызыншы мәрте жеңіске жетті

Семейлік клуб 21-турда өз алаңында «Елімай-2» командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Еркебұлан Нұрғалиев 61-минуттағы қос голдың авторы атанса, Арман Смайылов 73-минутта мергендік танытты.
Оған ақтөбелік клубтан Рүстем Ғабдрахманов 45-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Елімай» қатарынан тоғызыншы мәрте жеңіск жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Басты қарсыласы Түркістанның «Тұранынан» тоғыз ұпай алда тұр. Десе де олардан бір ойыны артық.
Түркістандық клуб аталған турда сырт алаңда Алматының «Хан тәңірі» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады.
Сондай-ақ өз алаңында «Арыс» «Ақжайықтан» 0:2, «Оңтүстік академиясы», «Астана жастардан» 2:4 есебімен жеңілсе, «Екібастұз» бен «Түркістан» 2:2, «Жеңіс» пен «Тараз» 1:1 есебімен тең ойнады.
Ал «Қыран» «Жас Қыранды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді 22-тур ойындары 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері өткізіледі.
Еске салсақ, Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын соқты.