Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қыран» ұпай жоғалтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он төртінші турында үш ойын өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Окжетпес» және Шымкенттің «Қыраны» өз алаңында ұпай жоғалтты.

Көкшетаулық команда елордалық «Жеңіс» командасымен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал «Қыран» қызылордалық «Байқоңырмен» 0:0 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ, бүгін Жамбыл облысының «Тараз-Қаратауы» өз алаңында «Екібастұзға» 2:5 есебімен есе жіберді.

Енді 31 шілдеде «Шахтер-Болат» (Қарағанды) және «Академия Оңтүстік» (Шымкент), 1 тамызда «Қайрат-Жастар» (Алматы) мен «Игілік» (Жамбыл облысы) командалары шеберлік байқасады.

Оған қоса 24 тамызда «Астана жастар» (Нұр-Сұлтан) және «Жетысу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Яссы» (Түркістан) командалары ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогында «Ақтөбе» мен «Тараз» тең түсті.


Соңғы жаңалықтар