Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турда Көкшетаудың «Оқжетпесі» тағы да жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Бұл жолы олар елорданың «Астана жастарын» 8:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал, Талдықорғанның «Жетісуы» сырт алаңда Қызылорданың «Байқоңырын» 4:1 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ, Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда Жамбыл облысының «Тараз-Қаратау» командасына 0:1 есебімен жол берді.
Аталған турдағы барлық ойын нәтижелері төмендегіше:
«Оқжетпес» - «Астана жастар» 8:0
«Екібастұз» - «Академия Оңтүстік» 2:2
«Байқоңыр» - «Жетісу» 1:4
«Тараз-Қаратау» - «Қайсар» 1:0
«Қыран» - «Шахтер-Болат» 1:1
«Жеңіс» - «Игілік» 4:0
«Қайрат жастар» - «Яссы»1:0
Енді 20-тур ойындары 30 қыркүйек күні өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын ф утболдан ел біріншілігінде Мақтарал мен Қызылжар тең түсті .