Футболдан бірінші лигада «Тұран» «Елімайға» жақындай түсті

Бұл тур ойындары 22, 23 маусым күндері өткізілді.
Тоғыз тур бойы ұпай жоғалтпаған Семейдің «Елімай» клубы бұл жолы сырт алаңда Шымкенттің «Қыранымен» 1:1 есебімен тең түсті.
Есесіне екінші орында келе жатқан Түркістанның «Тұраны» сырт алаңда алматылық «Қайрат жастар» командасын 3:1 есебімен сүріндірді.
Нәтижесінде турнир кестесінде олар «Елімай» клубына жақындай түсті. Екі команда арасын небәрі бір ұпай ғана бөліп тұр. «Елімай» еншісінде 29 ұпай болса, «Тұран» 28 ұпай жинаған.
Өзге ойындарда Оралдың «Ақжайығы» «Таразды» 4:0, Шымкенттің «Оңтүстік академиясы» «Ақтөбе жастарын» 52 «Түркістан» «Арысты» 5:3, алматылық «Жас Қыран» «Астана жастарын» 3:1, елордалық «Жеңіс» Павлодар облысының «Екібастұзын» 2:1 есебімен жеңді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды.