21:12, 13 Шілде 2023 | GMT +5
Футболдан бірінші лигада «Түркістан» үздіктерге жақындай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында «Түркістан» турнир кестесінде үздік үштікке жақындай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық клуб бүгін 15-турда өз алаңында елордалық «Астана-2» командасын 3:0 есебімен жеңді. Нәтижесінде турнир кестесінде үздік үштікте келе жатқан командаларға жақындай түсті.
Сондай-ақ, дәл осындай есеппен алматылық «Хан тәңірі» Шымкенттің «Оңтүстік академиясын», Павлодар облысының «Екібастұзы» Түркістан облысының «Арысын» тізе бүктірді.
Дәл қазір өтіп жатқан кездесуде Оралдың «Ақжайығы» «Ақтөбе-2» командасын 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.
Енді 14 шілдеде «Тұран» (Түркістан) мен «Жас Қыран» (Алматы), «Елімай» (Семей) мен «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Жеңіс» (Астана) пен «Қыран» (Шымкент) командалары кездеседі.
Еске салсақ, «Астана» Чемпиондар лигасында грузиялық «Динамомен» тең түсті.