22:28, 12 Шілде 2022 | GMT +5
Футболдан бірінші лигада «Жетісу» «Қайсардан» басым түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он үшінші турындағы алғашқы ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен қапы қалдырды. Ойын барысында алаң иелерінен Бауыржан Тұрысбек 13, 45-минуттарда мергендік танытса, оған қызылордалық клубтан 82-минутта Елисей Горшунов бір голмен жауап қайырды.
Аталған турдағы қалған ойындар 23 шілдеге белгіленген.
Қазір турнир кестесінде 26 ұпаймен «Қайсар» бірінші орында келеді. Одан кейінгі орындағы «Оқжетпестің» 25, «Қыранның» 23 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды.
Сондай-ақ, футболдан Қазақстан кубогында «Каспий» мен «Қызылжар» тең түсті.