Футболдан Бірінші лига ойындары қашан басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты қашан басталатыны белгілі болды.
Доп додасы 2 сәуірде басталып, 22 қазанда мәресіне жетеді. Онда барлығы 14 команда бақ сынайды. Олардың қатарында «Тараз», «Тұран» (Түркістан), «Шахтер» (Қарағанды), «Жайық» (Орал), «Арыс» (Түркістан облысы), «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Хан тәңірі» (Алматы), «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Қайрат-Ж» (Алматы), «Ақтөбе-Ж», «Елімай-Ж» (Семей), «Тобыл-Ж» (Қостанай), «Каспий-Ж» (Ақтау), «Астана-Ж».
Ойын күнтізбесі
1-тур
2 сәуір
15:00. «Арыс» - «Жайық»
15:00. «Хан тәңірі» - «Каспий-Ж»
18:00. «Тұран» - «Академия Оңтүстік»
3 сәуір
15:00. «Қайрат-Ж» - «Шахтер»
15:00. «Тараз» - «Екібастұз»
16:00. «Тобыл-Ж» - «Елімай-Ж»
17:00. «Астана-Ж» - «Ақтөбе-Ж»
Маусым қорытындысымен екі үздік команда Премьер-лигаға жолдама алады.
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізетінін хабарлағанбыз.