Футболдан Бірінші лига ойындары қашан басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі сәуір айында жалауын көтереді. Бұл жөнінде Kffleague.kz мәлім етті.
Біріншілікке барлығы 14 команда қатысады деп жоспарланып отыр. Қай командалардың қатысатыны лизенция алғаннан кейін толық белгілі болады.
Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының күнтізбесін жасауға қатысты жеребе тарту рәсімі өтті.
Алғашқы турда «Ақтөбе» - «Тобыл» (Қостанай), «Алтай» (Өскемен) - «Қайрат» (Алматы), «Астана» - «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау» - «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) - «Жеңіс» (Астана), «Қызылжар» (Петропавл) - «Каспий» (Ақтау), «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Ертіс» (Павлодар) ойнайды.