Футболдан бірінші лигада «Алтай» алғаш рет жеңіске жетті

Футболдан Еуропа чемпионаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі сегізінші турында «Алтай» командасы алғаш рет жеңіске жетті.

Өскемендік клуб өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын қабылдаған еді. Кездесу барысында олар қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Бұл - «Алтайдың» доп додасындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін өскемендік клуб алты мәрте жеңіліп, бір мәрте тең түскен еді. Турнир кестесінде көш соңында тұрған олар екі сатыға жоғарылап, он төртінші орынға жайғасты. 

Сондай-ақ, 23 мамырда шымкенттік «Қыран» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 0:1 есебімен жеңілсе, жезқазғандық «Ұлытау» Алматының «Қайрат-2» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. 

Енді аталған турда 24 мамырда «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Қайсар-2» (Қызылорда), «Tүркістан» мен «Арыс» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.

Еске салсақ, 22 мамырда «Каспий» «SD Family» командасын 2:0 , «Тараз» «Екібастұзды» 2:1 есебімен жеңсе, «Ақжайық» пен «Хан тәңірі» 0:0 есебіне қанағат білдірді

Соңғы жаңалықтар