Футболдан бірінші лигада «Алтай» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 22 мамырда футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 7-туры мәресіне жетті.

Футболдан бірінші лигада «Алтай» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті
Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Екінші ойын күні, 23 мамырда өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Түркістанды» 3:0 есебімен тізе бүктірді. 

Биылғы біріншілікті команда сәтсіз бастады. Десе де соңғы үш турда ұпайдан шашау шығарған жоқ. Нәтижесінде турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ алматылық AKAS клубы да сырт алаңда «Ақтөбе-2» командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде алтыншы орынға табан тіреді.

22 мамыр

«Қайрат-2» (Алматы) — «Шахтер» (Қарағанды) 1:2
«SD Family» (Астана) — «Каспий» (Ақтау) 0:3
«Ертіс» (Павлодар) — «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 2:2

23 мамыр

«Ақтөбе-2» — AKAS (Алматы) 1:3
«Екібастұз» (Павлодар облысы) — «Жетісай» (Түркістан облысы) 0:1
«Түркістан» — «Алтай» (Өскемен) 0:3
«Хан тәңірі» (Алматы) — «Тараз» 1:1.

Аталған турдан кейін «Каспий» 18 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы «Шахтердің» 17 ұпайы бар. Ал «Ертіс» 15 ұпайды еншілеп тұр.

Енді алдағы тур ойындары 28 және 29 мамыр күндері өтеді.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар