Футболдан бірінші лигада бүгін «Ертіс» пен «Шахтер» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Бірінші лигада XVІ тур ойындары басталады.

Бұл турдағы басты кездесу «Ертіс» пен «Шахтер» арасында өтеді деп жоспарланып отыр. Екі команда да биыл алғашқы орындарды өзара бөлісіп келеді.
Аталған тур ойындары 31 шілде-1 тамыз күндеріне белгіленген.
Бүгін, 31 шілдеде «Ақтөбе-2», мен «Алтай» (Өскемен), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Қайрат-2» (Алматы), «Хан тәңірі» (Алматы) мен AKAS (Алматы) ойнайды.
Ал 1 тамызда «Түркістан» мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Ертіс» (Павлодар) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен «Тараз», «SD Family» (Астана) мен «Жетісай» (Түркістан облысы) ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Каспий», «Ертіс», «Шахтер» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.