Футболдан бірінші лигада «Екібастұз» командасы көш басына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде алтыншы турында «Екібастұз» командасы көш басына шықты.
Екібастұздық футболшылар алтыншы турда сырт алаңда «Түркістан» клубынан 3:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Ал «Оқжетпес» командасы өз алаңында Өскеменнің «Алтай» клубын 2:1 жеңсе, алматылық «Қайрат-2» сырт алаңда «Ақтөбе-2» ұжымын 3:0 есебіен тізе бүктірді.
Ал қызылордалық «Қайсар-2» мен Түркістан облысының «Арысы» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді 10 мамырда «SD Family» мен «Ақжайық», «Хан Тәңірі» мен «Тараз», «Жетісай» мен «Каспий», «Қыран» мен «Ұлытау» командалары кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды.