Футболдан Бірінші лигада «Екібастұз» «SD Family» клубын жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІV туры екі ойынының нәтижесі белгілі болды.

Бұл күні Павлодар облысының «Екібастұзы» астаналық «SD Family» клубын 3:2, есебімен жеңсе, алматылық AKAS өз алаңында Шымкенттің «Академия Оңтүстігіне» 1:2 есебімен жол берді.
Алғашқы ойын күніне белгіленген «Ақтөбе-2» мен «Түркістан» кездесуі кейінге қалдырылды.
Енді 3 қазанда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тараз», «Қайрат-2» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау), «Жетісай» (Түркістан облысы) «Алтай» (Өскемен), «Ертіс» (Павлодар облысы) бен «Хан тәңірі» (Алматы) шеберлік байқасады.
Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Алтай», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Жиырма үш турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Алтай», «Шахтер» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді.