Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІІ тур ойындары мәресіне жетті.

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді
Фото: "Ертіс" футбол клубы

Бұл күні алғашқы үздік үштікке таласып келе жатқан «Каспий», «Ертіс», «Алтай», «Шахтер» командалары өз ойындарын өткізді. Барлығы кезекті жеңісіне жетіп, Премьер-лигаға берілетін жолдамаға таласты жалғастырды. 

Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Таразды» 2:0, павлодардық «Ертіс» Алматының «Хан тәңірі» командасын 7:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал алматылық «Қайрат-2» өз алаңында ақтаулық «Каспийге» 2:3, Түркістан облысының «Жетісайы» өскемендік «Алтайға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Алтай», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Жиырма төрт турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Алтай», «Шахтер» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

 

Соңғы жаңалықтар