Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 10-турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті.

Ертіс ФК
Фото: @ertis_fk

Аталған турда павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда «Түркістан» командасын 7:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде турнир кестесінде 20 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 

Сондай-ақ шымкенттік «Академия Оңтүстік» өз алаңында алматылық «Қайрат-2» клубына 3:5, астаналық «SD Family» Алматының «Хан тәңіріне» 0:3 есебімен жол берді.

Енді 20 маусымда «Алтай» (Өскемен) мен AKAS (Алматы), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Тараз» бен «Ақтөбе-2» жасыл алаңға шығады.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.

Соңғы жаңалықтар