Футболдан бірінші лигада «Хан тәңірі» көш басына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIV турында алматылық «Хан тәңірі» көш басына шықты.

Спорт
Фото: «Хан тәңірі» футбол клубы

Алматылық клуб аталған турда өз алаңында Қызылорданың «Қайсар-2» командасын қабылдады. 

Кездесу барысында олардың қатарынан Павел Кривенцев 4, 9, 66, Нұрдәулет Ағзамбаев 48-минутта гол соқса, оларға қызылордалық клубтан Бекзат Құрманбекұлы 43, Темірлан Мырзағалиев 70-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша «Хан тәңірі» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде 28 ұпаймен көш басына шықты.

Сондай-ақ 4 шілдеде «Ұлытау» «Алтайды» 2:1 есебімен жеңсе, «Tүркістан» «Оқжетпеске» 0:2 есебімен есе жіберді.

Аталған турда 3 шілдеде «Каспий» «Ақтөбе-2» командасына 1:3, «Ақжайық» «Қайрат-2» клубына 2:3 есебімен жеңілді. 

Енді 5 шілдеде Түркістан облысының «Жетісайы» астаналық «SD Family», Павлодар облысының «Екібастұзы» Түркістан облысының «Арыс» клубтарын қабылдайды.

Еске салсақ, бүгін футболдан Америка кубогының ¼ финалдық кезеңі басталады.

Соңғы жаңалықтар