Футболдан бірінші лигада «Каспий» алтыншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі сегізінші турында «Каспий» алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Футбол
Фото: caspiy_fc

Ақтаулық клуб өз алаңында Астананың «SD Family» командасын қабылдаған еді. Кездесу барысында қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып кетті.

Осылайша қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірген ақтаулық ұжым турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Қазір олар 19 ұпаймен бірінші орында келеді.

Сондай-ақ, тағы бір кездесуде «Тараз» өз алаңында Павлодар облысының «Екібастұз» клубын 2:1 есебімен жеңсе, «Ақжайық» пен «Хан тәңірі» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді 23 мамырда «Қыран» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Алтай» (Өскемен) мен «Ақтөбе-2», «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қайрат-2» (Алматы), 24 мамырда «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Қайсар-2» (Қызылорда), «Tүркістан» мен «Арыс» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын грекиялық Акис Вавалис «Жеңіс» футбол клубына бас бапкер болды.

Соңғы жаңалықтар