Футболдан Бірінші лигада «Каспий» оныншы мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 11-турының алғашқы ойын күні өтті.

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» оныншы мәрте жеңіске жетті
Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Көш басында келе жатқан ақтаулық «Каспий» жеңісті жолын жалғастырды. Бұл жолы олар сырт алаңда «Ақтөбе-2» командасын сүріндірді. 

Ойын барысында олардың қатарынан Мирас Тұрлыбек 7, 48, Алмас Арменов 82-минутта мергендік танытты. 

Осылайша ақтаулық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп. биылғы біріншіліктегі оныншы жеңісіне қол жеткізді. Турнир кестесінде 30 ұпаймен бірінші орынға жайғасып, қарсыластарынан біршама ұзап кетті.

Сондай-ақ бүгін алматылық «Қайрат-2» «Таразды» 3:1 есебімен жеңсе, алматылық AKAS өз алаңында Түркістан облысының «Жетісайына» 0:1 есебімен есе жіберді. 

Ал «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Түркістан» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді 27 маусымда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Алтай» (Өскемен), «Ертіс» (Павлодар) пен «SD Family» (Астана) шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар