Футболдан Бірінші лигада «Каспий» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 28 мамырда футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 8-турының алғашқы ойын күні өтті.

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Турнир кестесінде көш басында келе жатқан ақтаулық «Каспий» бұл жолы өз алаңында Алматының «Хан тәңірін» 1:0 есебімен сүріндірді.

Аталған жеңістен кейін олар жағдайын жақсарта түсті. Турнир кестесінде 21 ұпаймен бірінші орынға орналасып, басты қарсыластарынан ұзай түсті.

Тағы бір кездесуде алматылық AKAS өз алаңында сол қаланың тағы бір өкілі «Қайрат-2» клубын 3:0 есебімен жеңсе, шымкенттік «Академия Оңтүстік» Павлодар облысының «Екібастұзына», «Түркістан» елордалық «SD Family» клубына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Енді 29 мамырда «Алтай» (Өскемен) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Ақтөбе-2», «Тараз» бен «Ертіс» (Павлодар) шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Соңғы жаңалықтар