Футболдан бірінші лигада «Қайрат-2» «Қыранды» 10:1 есебімен ойсырата жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жетінші турында бүгін «Қайрат-2» өз алаңында «Қыранды» 10:1 есебімен ойсырата жеңді.

футбол
Фото: Kazinform

Шымкенттік «Қыран» биыл сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Қазір турнир кестесінде жеті ойыннан кейін небәрі үш ұпаймен 15-орында келеді. Сондай-ақ, сырт алаңдағы кейбір кездесулерге бара алған жоқ.

Бүгін олар алматылық «Қайрат-2» 1:10 есебімен ойсырай жеңілді.

Сондай-ақ, тағы бір ойында Түркістан облысының «Арысы» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 2:0 есебімен сүріндірді.

Кеше, 16 мамырда өз алаңында Түркістан облысының «Жетісайы» Оралдың «Ақжайығын» 2:1, Ақтаудың «Каспийі» өз алаңында Қызылорданың «Қайсар-2» командасын 3:1, сырт алаңда астаналық «SD Family» «Ақтөбе-2» клубын 4:1, «Ұлытау» «Таразды» 2:1 есебімен жеңді.

Ал «Хан тәңірі» «Түркістаннан» 4:0 есебімен басым түссе, «Екібастұз» бен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Жетінші турдан кейін «Каспий» мен «Жетісай» 16 ұпаймен көш басында келеді.

Енді алдағы тур ойындары 22, 23, 24 мамыр күндері өткізіледі.