Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» көш басына шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XV турының алғашқы ойын күні өтті.

Бұл күні Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасын қабылдады.
Кездесу барысында көкшетаулық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша қатарынан алтыншы мәрте жеңіске жеткен «Оқжетпес» турнир кестесінде 30 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ бүгін елордалық «SD Family» Түркістан облысының «Арысын» 6:1 есебімен тізе бүктірсе, «Түркістан» мен «Ұлытау» 1:1 есебімен тең түсті.
Енді 12 қыркүйекте «Ақтөбе-2» мен «Ақжайық» (Орал), «Алтай» (Өскемен) мен «Қайсар-2» (Қызылорда), «Каспий» (Ақтау) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Тараз» бен «Жетісай» (Түркістан облысы) кездеседі.
Айта кетсек, турнир кестесінде 30 ұпаймен «Оқжетпес» көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы алматылық «Хан тәңірі» -28, «Жетісай» - 26 ұпай еншілеп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Ордабасы» молдовалық «Петрокуб» командасымен тең түсті.