Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» «Ақтөбе-2» командасымен тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM Бүгін футболдан Бірінші лигада ХVIII тур мәресіне жетті.Алдымен 14 тамызда «Ақтөбе-2» мен «Шахтер» (Қарағанды) 2:2 есебімен тең түссе, Павлодар облысының «Екібастұзы» алматылық AKAS клубына 1:5, астаналық «SD Family» «Таразға» 0:2, алматылық «Хан тәңірі» Шымкенттің «Академия Оңтүстік» клубына 0:1 есебімен жол берді.
Ал 15 тамызда «Қайрат-2» (Алматы) өз алаңында «Алтай» (Өскемен) командасын 5:2, «Түркістан» ақтаулық «Каспийге» 0:4, павлодарлық «Ертіс» (Павлодар) Түркістан облысының «Жетісайын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий», «Алтай» үздіктер қатарынан көрінуге таласып келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен қарымта ойын өткізді.