Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» сырт алаңда AKAS клубымен тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІ турында қарағандылық «Шахтер» Алматының AKAS командасымен тең ойнап, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.
 
                                              Биыл қарағандылық клуб Бірінші лигада алғашқы екі орынның біріне үміткер ретінде саналған еді. Дегенмен команда бдоп додасын ала-құла өткізіпк еледі. Олар аталған турда сырт алаңда AKAS клубымен 1:1 есебімен тең ойнады.
Сондай-ақ 11 қыркүйекте «Академия Оңтүстік» (Шымкент) өз алаңында «Ақтөбе-2» клубын 2:1, «Түркістан» алматылық «Хан тәңіріні» 1:0 есебімен жеңді.
Енді12 қыркүйекте «Алтай» (Өскемен) мен «SD Family» (Астана), «Каспий» (Ақтау) мен «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» бен «Екібастұз» (Павлодар облысы) ойнайды.
Бұл турда Түркістан облысының «Жетісайы» өз алаңында алматылық «Қайрат-2» командасын 1:0 есебімен жеңді.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.