Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» «Жетісайды» ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лигада ХХІІ туры мәресіне жетті.

Бүгін футболдан бірінші лигада 9-тур ойындары басталады
Фото: shakhter.kz

Аталған турдың екінші ойын күні, 19 қыркүйекте алматылық «Қайрат-2» Шымкенттің «Академия Оңтүстігіне» 0:3 есебімен есе жіберсе, Қарағандының «Шахтері» Түркістан облысының «Жетісайын» 5:0, Павлодар облысының «Ертісі» «Түркістанды» 6:1 есебімен жеңді.

Аталған турда 18 қыркүйекте «Ақтөбе-2» өз алаңында «Тараздан» 0:4, Павлодар облысының «Екібастұзы» ақтаулық «Каспийге» 1:1 есебімен жеңілсе, «Хан тәңірі» (Алматы) мен «SD Family» (Астана), AKAS (Алматы) пен «Алтай» (Өскемен) 1:1 есебімен тең түсті.

Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Жиырма бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

Соңғы жаңалықтар