Футболдан Бірінші лигада «Жетісай» көш басына шықты

Футболдан бірінші лигада «Жетісай» көш басына шықты
Фото: instagram.com/ fc.jetisay

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XI турында Түркістан облысының «Жетісайы» көш басына шықты.

Түркістандық клуб өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасын қабылдады. Бірінші кезеңнің өзінде «Жетісай» қарсылас қақпасына жауапсыз 6 гол соғып үлгерді.

Екінші кезеңде алматылық футболшылар оған 2 голмен жауап қайырды.

Кездесуде түркістандық команда қарсыласын 6:2 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ аталған турдың алғашқы ойын күнінде «Ақтөбе-2» өз алаңында «Ұлытауға» 0:3 есебімен есе жіберсе, «SD Family» «Tүркістанды» 5:0, «Хан тәңірі» «Екібастұзды» 2:1 есебімен жеңді.

Енді 14 маусымда «Ақжайық» пен «Алтай», «Қайсар-2» мен «Тараз», «Оқжетпес» пен «Каспий» кездеседі.

Еске салсақ, Қазақстанда «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылады.

 

Соңғы жаңалықтар