Футболдан бірінші лигада «Жетісай» өз алаңында жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIV турында Түркістан облысының «Жетісайы» өз алаңында жеңіліп қалды.

Футболдан бірінші лигада «Жетісай» көш басына шықты
Фото: instagram.com/ fc.jetisay

Түркістандық команда өз алаңында Астананың «SD Family» клубына 2:3 есебімен есе жіберді. Кездесу барысында Ринат Серіқұл 2, Тимур Зуфтаров 16-минутта қанжығасын майласа, оған астаналық клубтан Самат Мәжит 4, Диас Үсейінов 72, Сұлтан Шымырхан 92-минутта үш голмен жауап қайырды.

Сондай-ақ 5 шілдедегі тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Екібастұзы» өз алаңында Түркістан облысының «Арысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, алматылық «Хан тәңірі» Қызылорданың «Қайсар-2» командасын 4:2, «Ұлытау» «Алтайды» 2:1 есебімен жеңсе, «Tүркістан» «Оқжетпеске» 0:2 есебімен есе жіберді.

Аталған турда 3 шілдеде «Каспий» «Ақтөбе-2» командасына 1:3, «Ақжайық» «Қайрат-2» клубына 2:3 есебімен жеңілді.c

Соңғы жаңалықтар