Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалында кімдер ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды.

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары өтті.
Фото: Realmadrid.com

Плей-офф кезеңінде қарсыластарын қапы қалдырған «Ньюкасл Юнайтед», «Байер Леверкузен»,

«Атлетико Мадрид» (Испания), «Будё-Глимт», «Галатасарай», «Пари Сен-Жермен», «Реал Мадрид»,«Аталанта» командалары жарыстың келесі сатысына шықты.

Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия) клубтары бірден ширек финалға жолдама алады.

«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Челси» (Англия)

«Реал Мадрид» (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия)

«Ньюкасл» (Англия) - «Барселона» (Испания)

«Будё-Глимт» (Норвегия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия)

«Галатасарай» (Түркия) - «Ливерпуль» (Англия)

«Аталанта» (Италия) - «Бавария» (Германия)

«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Тоттенхэм Хотспур» (Англия)

«Байер Леверкузен» (Германия) - «Арсенал» (Англия).

Енді 1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, 1/4 финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.

Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса,

финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум