Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін «Боруссия Дортмунд» пен «Пари Сен-Жермен» ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Пари Сен-Жермен» (Франция) кездеседі.Кездесу «Qazsport» телеарнасынан 1 мамырда тікелей эфирде 23:50-де көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның біреуінде «Боруссия Дортмунд» басым түсіп, үшеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында «Пари Сен-Жермен» командасының мерейі үстем болды.
Екі команда құрамында жарақат алған ойыншылар бар. Олардың қатарында «Боруссия Дортмунд» сапында қорғаушы Рами Бенсебаини, шабуылшылар Себастьен Аллер, Дониэлл Мален, «Пари Сен-Жермен» клубынан қақпашы Серхио Рико, қорғаушылар Преснел Кимпембе, Лейвин Курзава бар.
«Боруссия Дортмунд» командасы 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Пари Сен-Жермен» әзірге мұндай жоғары жетістікке қол жеткізе алған жоқ.
Бұл командалардың қарымта кездесуі 7 мамырға белгіленген.
Еске салсақ, жартылай финалдағы тағы бір ойында «Бавария» мен «Реал Мадрид» тең түсті.