Футболдан чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» бір тур бұрын плей-офф сатысына шықты

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Kazinform. 

Футболдан чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» бір тур бұрын плей-офф сатысына шықты
Фото: qazsporttv.kz

Бұл жолы А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар бесінші тур ойындарын өткізді.

Нәтижесінде бірқатар клубтар бір тур бұрын плей-офф сатысына жолдама алды. Олардың қатарында «Бавария», «Арсенал», «Реал Мадрид», «Реал Сосьедад» секілді Еуропаның үздік клубтары бар.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Атлетико Мадрид», «Лацио», «Боруссия Дортмунд», «Манчестер Сити», «РБ Лейпциг» плей-офф сатысында жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

А тобы: «Бавария» (Германия) - «Копенгаген» (Дания) 0:0, «Галатасарай» (Түркия) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) 3:3

В тобы: «Арсенал» (Англия) - «Ланс» (Франция) 6:0, «Севилья» (Испания) - ПСВ (Нидерланд) 2:3

С тобы: «Реал Мадрид» (Испания) - «Наполи». (Италия) 4:2 , «Спортиг Брага» (Португалия) - «Унион Берлин» (Германия) 1:1

D тобы: «Бенфика» (Португалия) - «Интер» (Италия) 3:3, «Реал Сосьедад» (Испания) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) 0:0.

Енді Еуропа лигасы және Конференция лигасында бесінші тур ойындары өтеді.

Соңғы жаңалықтар