Футболдан Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» тең түсті

футбол
Фото: qazsporttv.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалында екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

Екі ойынның бірінде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Манчестер Сити» (Англия) шеберлік байқасты.

Кездесу алғашқы минуттан тартысты өрбіді. Англиялық клуб бірден алаң иелері қақпасына шабуыл жасады. Осындай сәттердің бірінде «Реал Мадрид» қақпасына 25 метрдей қашықтықтан айып добы белгіленген еді. Оны Бернарду Силва мүлт жіберген жоқ.

Оған испаниялық клуб жылдам жауап қайырды. Алдымен «Манчестер Сити» сапынан Рубен Диаш автогол авторы атанса, одан кейін Родриго «Реал Мадрид» клубын алға шығарды.

Екінші кезеңде «Манчестер Сити» алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде олардың қатарынан Фил Фоден 66, Йошко Гвардиол 71-минутта гол соқты.

Алаң иелері сапынан Федерико Вальверде 79-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Бұл ойында командалар 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Тағы бір кездесуде «Арсенал» (Англия) мен «Бавария» (Германия) кездесті.

Бұл ойында алаң иелері қатарынан Букайо Сака 12-минутта жылдам есеп ашса, одан кейін германиялық командадан Серж Гнабри 18-минутта таразы басын теңестірді.

Ал Гарри Кейн 32-минутта пенальтиден мүлт кетпей, «Баварияның» басымдығын арттырса, англиялық клубтан Леандро Троссард 76-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Айта кетсек, 10 сәуірде жарыстың аталған сатысында «Барселона» (Испания) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Атлетико Мадрид» (Испания) клубтары ойнайды.

Қарымта ойындар 1 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар