Футболдан Чемпиондар лигасы: «Атлетико Мадрид» еурокубокты жалғастыра алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Атлетико Мадрид» еурокубокты жалғастыра алмайды

Бұл күнгі ойындарда турнирдің ширек финалына шыққан командалар анықталды. Айта кетерлігі, Испанияның «Барселона» командасы өз тобында үшінші орын алып, Еуропа лигасына шықты. Ал сол елдің «Атлетико Мадрид» клубы төртінші орынды місе тұтып, жарысты ерте аяқтады.

Барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А тобы: «Ливерпуль» (Англия) - «Наполи» 2:0, «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) - «Аякс» (Нидерланды) 1:3

В тобы: «Порту» (Португалия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) 2:1 , «Байер» (Германия) - «Брюгге» (Бельгия) 0:0

С тобы: «Бавария» (Германия) - «Интер» (Италия) 2:0, «Виктория Пльзень» (Чехия) - «Барселона» (Испания) 2:4

D тобы: «Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Айнтрахт» (Германия) 1:2, «Олимпик Марсель» (Франция) - «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) 1:2.

Енді қалған төрт топтағы ойындар өткізіледі.