Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін 1/8 финал ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 ақпанда футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финал ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 15/16 және 22/23 ақпан күндеріне белгіленген.

15 ақпанда «Пари Сен-Жермен» (Франция) және «Реал Мадрид» (Испания), «Спортинг» (Португалия) және «Манчестер Сити» (Англия) командалары шеберлік байқасады.

Алғашқы ойын елорда уақытымен 01.50-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілсе, екіншісі «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Айта кетсек, 16 ақпанда «Интер» (Италия) мен «Ливерпуль» (Англия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) мен «Бавария» (Германия) командалары кездеседі.

Ал 22 ақпанда «Вильярреал» (Испания) мен «Ювентус» (Италия), «Челси» (Англия) мен «Лилль» (Франция), 23 ақпанда «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Бенфика» (Португалия) мен «Аякс» (Нидерланды) командалары кездеседі.

Сондай-ақ, 17 ақпанда Еуропа лигасы және Конференция лигасы 1/16 финалдық ойындары өткізіледі.



Соңғы жаңалықтар