Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін 1/8 финалдың тағы екі ойыны өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 наурызда футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының тағы екі ойыны өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін 1/8 финалдың тағы екі ойыны өткізіледі

Ойындар 15-16 наурыз күндеріне белгіленген.

Алдымен 15 наурызда Англияның «Манчестер Юнайтед» және Испанияның «Атлетико Мадрид» (бірінші ойын 1:1), Нидерландының «Аякс» және Португалияның «Бенфика» (бірінші ойын 2:2) командалары жасыл алаңға шығады.

Ойындар елорда уақытымен 01.50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Ал 16 наурызда өз алаңында «Ювентус» (Италия) пен «Вильярреал» (Испания), «Лилль» (Франция) және «Челси» (Англия) шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қос ойынның нәтижесімен «Манчестер Сити» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары 1/4 финалға жолдама алды.