Футболдан Чемпиондар лигасы: бүгін «Астана» хорватиялық «Динамомен» кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Чемпиондар лигасы: бүгін «Астана» хорватиялық «Динамомен» кездеседі
Photo: fcastana.kz

Кездесу 25 шілдеде елорда уақытымен 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Динамо Загреб» (Хорватия) 1945 жылы құрылған. 1947/48, 1953/54, 1957/58, 1981/82 жылдарда Югославия чемпионы атанды. Ал, 1990 жылдан бері өз елінде 24 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

2018 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасы «Астананы» (1:0, 2:0) қапы қалдырып кеткен еді.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызға белгіленген.

Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.

Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.

Айта кетсек, «Астана» 2015-2016 жылғы кезеңде аталған турнирдің топтық кезеңінде ойын көрсетті. Ал, 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.