Футболдан Чемпиондар лигасы: «Челси» алғашқы ойында жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аталған турдағы алғашқы кездесудің бірінде Англияның «Челси» клубы сырт алаңда Хорватияның «Динамо Загреб» командасына 0:1 есебімен жол берді. Кездесудің 13-минутында алаң иелері қатарынан Мислав Оршич соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.

Бұдан кейін англиялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Десе де көздеген нысанадан мүлт кетіп жатты. Осылайша қарсыласынан жеңілуге мәжбүр болды.

Ал сырт алаңда «Реал Мадрид» Шотланияның «Селтигін 3:0 есебімен жеңсе, Англияның «Манчестер Сити» клубы Испанияның «Севильясын» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Бірінші турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:

E тобы

«Динамо Загреб» (Хорватия) - «Челси» (Англия) 1:0

«Ред Булл Залцбург» (Австрия) - «Милан» (Италия) 1:1

F тобы

«Селтик» (Шотландия) - «Реал Мадрид» (Испания) 0:3

«Лейпциг» (Германия) - «Шахтер Донецк» (Украина) 1:4

G тобы

«Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Копенгаген» (Дания) 3:0

«Севилья» (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия) 0:4

H тобы

«Бенфика» (Португалия) - «Маккаби Хайфа» (Израиль) 2:0

«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Ювентус» (Италия) 2:1

Алғашқы тур ойындары бүгін, 7 қыркүйекте жалғасады. Бұл күні А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасады.

https://kaz.inform.kz/news/bugin-futboldan-chempiondar-ligasynyn-toptyk-kezeni-bastalady_a3975379


Соңғы жаңалықтар