Футболдан Чемпиондар лигасы: «Челси» «Боруссия Дортмунд» командасынан жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 15 ақпанда екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күнгі кездесудің бірінде «Боруссия Дортмунд» (Германия) және «Челси» (Англия) командалары шеберлік байқасты.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Көптеген сәтте ағылшындық клуб футболшыларының белсенділігі байқалып тұрды. Оған германиялық команда қарымта шабуылмен жауап берді.

Екінші кезеңде екі команданың да гол соғатын мүмкіндігі болды. Осындай сәттердің бірінде Карим Адейеми 63-минутта қақпаны дәл көздеді.

Кездесуде «Боруссия Дортмунд» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде «Брюгге» (Бельгия) және «Бенфика» (Португалия) командалары кездесті.

Бұл ойында да қарсыластар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңнің 50-минутында португалдық Жоау Мариу пенальтиден «Бенфиканы» алға шығарды. Бұдан кейін командалар есепті өзгертетін қаншама мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал 88-минутта португалдық Давид Нерес қорытынды есепті белгіледі.

Кездесу «Бенфика» командасының басымдығымен 2:0 есебімен аяқталды.

Қарымта ойындар 7 наурызға белгіленген.

Енді 1/8 финалдағы қалған төрт кездесудің алғашқы ойыны 21 және 22 ақпан күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Бавариядан» жеңілді.

Фото: 103news.com


Соңғы жаңалықтар