Футболдан Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» финалға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы қарымта ойыны өткізілді. Англияның «Ливерпуль» клубы Испанияның «Барселона» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің үздік клубтары саналатын қос ұжым бүгінге дейін 10 мәрте шеберлік байқасты. Оның 4-і «Ливерпульдің» басымдығымен аяқталса, 3-де «Барселона» мықтылығын танытты. Қалған ойындар тең нәтижемен аяқталды.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Барселона» 3:0 есебімен жеңген еді. Сондықтан «Ливерпуль» бүгінгі кездесуде кем дегенде таразы басын теңестіру үшін үш гол соғуы тиіс еді. Олар бұл ойлағанын жүзеге асыра білді.null

Алғашқы гол 7-минутта соғылды. «Ливерпуль» шабуылшысы Дивок Ориги мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін екі команда да гол соғатын мүмкіндіктер болған. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.null

Ойынның екінші кезеңінде «Ливерпуль» тағы да гол соғып, таразы басын өзіне аударып алды. Алдымен 54 және 56-минуттарда Жоржиньо Вейналдум екі мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеді. Осылайша қос ойынның нәтижесімен таразы басы теңесті. Екі команда да есепті өзгертуге тырысты. Бұл жолы тағы да «Ливерпульдің» ойлағаны жүзеге асты. Ойынның 79-минутында Дивок Ориги гол салды.null

Осылайша бүгінгі кездесуде «Ливерпуль» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Клуб екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Былтыр «Ливерпуль» Испанияның «Реал Мадрид» клубынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді.null null

Чемпиондар лигасының тағы бір жартылай финалы 8 мамырда өткізіледі. Голландияның «Аякс» клубы өз алаңында Англияның «Тоттенхэм» клубын қабылдайды. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Аякс» 1:0 есебімен жеңген еді. Аталмыш кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 23.50-де басталады. Ойын «QazSport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Финал 1 маусымда Испания астанасы - Мадрид қаласында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар