Футболдан Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» жарыстан шығып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыққан тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алдымен 15 наурызда өз алаңында Англияның «Манчестер Юнайтед» және Испанияның «Атлетико Мадрид» (бірінші ойын 1:1), Нидерландының «Аяксы» Португалияның «Бенфика» (бірінші ойын 2:2) командаларына 0:1 есебімен жол берді. Жарыстың келесі сатысына «Атлетико Мадрид» пен «Бенфика» жолдама алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қос ойынның нәтижесімен «Манчестер Сити» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары 1/4 финалға жолдама алды.

Ал 16 наурызда өз алаңында Италияның «Ювентусі» мен Испанияның «Вильярреал» (бірінші ойын 10), франциялық «Лилль» (Франция) Англияның «Челси» (бірінші ойын 0:2) клубтарымен шеберлік байқасады.

Ойындар елорда уақытымен 01.50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Ширек финалдық жеребе тарту рәсімі 18 наурызда өткізіледі.


Фото: thesun.ie
Соңғы жаңалықтар