01:45, 12 Сәуір 2022 | GMT +5
Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта ойындары басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында қарымта ойындар басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалдың қарымта ойындары 12-13 сәуір күндеріне белгіленген. Ойындар елорда уақытымен 00.50-де өткізіледі.
Алдымен 12 сәуірде Германияның «Бавария» және Испанияның «Вильярреал» командалары кездеседі.
Алғашқы ойында испаниялық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті .
Ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл күні Испанияның «Реал Мадрид» және Англияның «Челси» командалары шеберлік байқасады.
Ойын «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Бірінші кездесу 3:1 есебімен испаниялық команда басымдығымен аяқталды.
Сондай-ақ, 13 cәуірде Испанияның «Атлетико Мадрид» және Англияның «Манчестер Юнайтед», Англияның «Ливерпуль» және Португалияның «Бенфика» командалары кездеседі.