Футболдан Чемпиондар лигасында екі команда жартылай финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Чемпиондар лигасында екі команда жартылай финалға шықты

Ширек финалдың алғашқы ойынында Испанияның «Реал» клубы сырт алаңда Англияның «Челси» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Қарымта кездесуде ағылшындық клуб негізгі кезеңде дәл сол есеппен қарсыласын жеңді.

Осылайша қос ойын нәтижесімен таразы басы теңесіп, овертаймға ұласты.

Овертаймда 96-минутта «Реал» шабуылшысы Карим Бензема мергендік танытты.

Нәтижесінде испаниялық клуб жартылай финалға жолдама алды.

Тағы бір кездесуде Испанияның «Вильярреал» клубы сырт алаңда Германияның «Бавариясымен» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Алғашқы ойында «Вильярреал» 1:0 еесбімен басым түскен болатын. Жартылай финал жолдамасы испаниялық клубқа бұйырды.

Сондай-ақ, ширек финалдың тағы екі кездесуі бүгін, 13 cәуірде болады.

Бұл күні Испанияның «Атлетико Мадрид» және Англияның «Манчестер Юнайтед», Англияның «Ливерпуль» және Португалияның «Бенфика» командалары кездеседі.