Футболдан ел біріншігінде алғашқы тіркеу трансферлік кезеңі аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан ел біріншігінде алғашқы тіркеу трансферлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы 2022 жылғы маусымының алғашқы тіркеу трансферлік кезеңінің аяқталғанын хабарлады.

Аталған кезеңнің соңғы күнінде FIFA TMS жүйесінде бірнеше трансфер тіркелген. Ол жақын арада аяқталып, лиганың ресми сайтында жарияланады.

Айта кетсек, ел біріншілігі биыл 5 наурыз күні басталды. Қазір Премьер-лига, бірінші және екінші лига командалары жарыстар өткізілуде.

«FIFA ережесі бойынша ойыншы мәртебесі мен ауысымы жайлы талаптарына сәйкес, әрбір қауымдастық бір спорт маусымы ішінде екі бірдей трансферлік тіркеу кезеңін белгілейді. Алғашқы кезең ереже бойынша 12 аптадан аспауы қажет. Төрт аптаға созылатын екінші тіркеу кезеңінің уақыты кейінірек анықталады. Аталған кезеңдер кәсіби футболшылардың кәсіпқой жарыстарға қатысуы үшін тіркеуге арналған», - деп жазылған Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің жетінші туры өткізілді.


Соңғы жаңалықтар