Футболдан ел біріншілігінде «Астана» Ақтауда «Каспийден» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 10 қыркүйекте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан ел біріншілігінде «Астана» Ақтауда «Каспийден» басым түсті

Елордалық «Астана» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» командасымен кездесті. Ойын барысында елордалық команда сапынан Абат Айымбетов 29-минутта есеп ашса, 65-минутта Талғат Кусяпов есепті үстемелей түсті.

Дал қазір тағы бір кездесу аяқталды. Өз алаңында «Тараз» Павлодар облысының «Ақсу» командасымен кездесті. Кездесуде павлодарлық клубтан Мирас Тұрлыбек 18, Еркебұлан Тұңғышбаев 24-минуттарда мергендік танытты. Ойынның 94-минутында елордалық командадан Педро Эуженио кездесудің нүктесін қойды. Осылайша, «Астана» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Оған алаң иелерінен Марат Шахметов 36-минутта пенальтиден қысқартса, 43-минутта Жақып Қожамберді таразы басын теңестірді. Ал, 69-минутта «Ақсу» футболшысы Тони Сильва командасын алға шығарса, 82-минутта тараздық Абылайхан Жұмабек көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Павлодарлық Дамир Марат 96-минутта гол соғып, «Ақсуға» жеңіс алып келді. Нәтижесінде «Ақсу» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұған дейін өз алаңында Оралдың «Ақжайығы» Қарағандының «Шахтеріне» 1:2 есебімен жол берді.

Айта кетсек, бүгін 20:00-де «Тобыл» (Қостанай облысы) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Ал, 11 қыркүйекте 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойыны басталса, 20:00-де «Тұран» (Түркістан облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.