Футболдан ел біріншілігінде «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турында елордалық «Астана» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Олардың құрамында тәжірибелі футболшылар жетерлік. Жылда үздіктер қатарында көрінуге ұмтылады. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты ойын күтті.

Ойын басынан командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Алаң иелері қостанайлық клуб қақпасы маңында көбірек шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттердің бірінде «Тобыл» қорғаушылары елордалық шабуылшы Абат Айымбетовті өзінің айып алаңында шалып жықты. Төреші белгілеген пенальтиден «Астана» футболшысы Марин Томасов мүлт кетті.

Ал 30-минутта елордалық команда қақпасына белгіленген пенальтиде қостанайлық Серікжан Мужиков қақпа торын тулатты. «Астана» шабуылшысы Абат Айымбетов 35-минутта таразы басын теңестірді.

Ойынның 72-минутында қостанайлық командадан Сергей Малый жеңіс голын соқты.

Осылайша «Астана» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді 21:00-де «Ақтөбе» мен «Тараз» шеберлік байқасады.

Ал 15 қыркүйекте «Атырау» мен «Тұран», «Шахтер» мен «Каспий», «Ақсу» мен «Ақжайық», «Қайрат» пен «Ордабасы», «Мақтарал» мен «Қызылжар» кездеседі.



Соңғы жаңалықтар